Оқу сауаттылығы – оқушының мәтінді түсіну, оның мағынасын ұғыну, ақпаратты талдау, ой елегінен өткізу және өз пікірін дәлелдей алу қабілеті. Бұл дағды ХХІ ғасырда табысты тұлғаны қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы еліміздегі оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың өзекті мәселесін шешуге бағытталған және халықаралық зерттеу нәтижесі бойынша орын алған жағдайды шешу қажеттілігінен туындады.

Skill Level: Beginner